Қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Бас прокуратураның Жедел тергеу тобы жүргізуде. Е. Әнуар мен В. Тихонов бұрын бірнеше мәрте сотты болған Ж. және Д.-ны қылмыстық жауаптылықтан заңсыз босатқанының салдарынан соңғылардың біреуі қайта ауыр қылмыс жасаған (қылмыскер қамауға алынды). Қызметтік қылмыс жасады деген күдікпен Е. Әнуарбек пен В. Тихонов ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Тергеу әрі қарай жалғасуда, бұдан басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.