Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 10 қаңтарда қауіпті вирустың белгісі 243 адамнан табылған.
«Коронавирус инфекциясын жұқтыру Атырау қаласында өршіп тұр. Мұнайлы қалада Covid-19 инфекциясының 193 жағдайы расталды. Ал, Теңіз кен орнында 30 науқас анықталды. Қызылқоға ауданында – 10, Құрманғазы ауданында 10 адам індетке шалдықты. Қауіпті вирустың симптомды белгісі 140 науқаста бар», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Кеше коронавирус инфекциясынан 14 адам емделіп шыққан. Қазір 341 адам үй жағдайында емделу үшін оқшауланған. Ал, модульдік ауруханада – 170, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 176, аудандардағы стационарларда 17 пациент ем-дом қабылдап жатыр.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру қайта өршігенін хабарлаған болатынбыз.