Қызыл кітапқа енгізілген Түркістан қаязы балығын аулағандар ұсталды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері Қызыл кітапқа енгізілген балықты заңсыз аулаған браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ордабасы аудандық ІІБ қызметкерлері заңсыз балық аулап жүрген Шымкент қаласының төрт тұрғынын ұстады.

Тексеру кезінде тәртіп сақшылары ұсталған азаматтардан 26 балықты тәркіледі, оның ішінде 8 дана Қызыл кітапқа енгізілген Түркістан қаязы да бар. Сонымен қатар, браконьерлерден балық аулайтын ау тәркіленді.

Аталған іс бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді. Қолданыстағы заң ойынша браконьерлерге 5 млн теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін.

Материалдар сотқа жолданды.