Олардың денесін полицейлер дүйсенбі күні кешке тапқан. Белгілі болғандай, сәби өзінің алғашқы туған күніне екі күн қалғанда аяусыздықпен өлтірілген. Невада полицейлері таяуда оларға отбасылық жанжалға қатысты шақырту түскенін растады.
Детективтің айтуынша, олардың денелері тәулікке жуық жатып қалған. Көршілері қаза болған әйелді жақсы қырынан айтуда, дегенмен, онымен көп кездесе бермеген: ол бар күш-жігерін баласын тәрбиелеуге, медбике білімін алуға жұмсайтын.
Әйелдің артында басқа некеден туған 10 жасар қызы қалды. Абырой болғанда, атыс кезінде ол үйде болмаған. Доктор Лунеттамен көзі тірісінде таныс болғандар оқиғаға сенер-сенбесін білмеуде. Себебі ол адамдарды, жұмысын, отбасын, баласын, жануарларды жақсы көретін.