«Қызыл» мәртебесі бар алматылықтар сауда орталығы мен базарларға кіруге тырысады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ashyq жобасы бойынша адамдар көп жиналатын жерлерге баратын науқастарды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 6-11 тамыз аралығында «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандардың кіреберісіндегі сканерлеу кезінде 135 тұрғынан «қызыл», 100 алматылықтан «сары» мәртебе анықталды.

6-20 тамыз аралығында «қызыл» мәртебесі бар 156 адамға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Алматы қаласында 27 сәуір мен 20 тамыз аралығында қызыл мәртебелі 543 жеке тұлғаға өзін оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі.