Шығыс Англия университетінің және Лондон Корольдік колледжінің қызметкерлері осы қосылыстарға бай өнімдерді белсенді тұтыну инсулиндік резистенттілік көрсеткіштерін төмендетеніне, қантты реттейтіндігіне сенімді. Сонымен қоса, қабынудың алдын алады.
Сарапшылар осыған орай шамамен 2000 әйелді тексерді, деп хабарлады Meddaily. Ғалымдар флавоноидтардың алты кіші сыныбын тұтыну көлемін бағалаған. Содан кейін қан үлгілерін қантты реттеу және қабыну тұрғысынан талдаған.
Антоциандар мен флавондарды жиі тұтыну инсулинге резистенттілікті неғұрлым тиімді төмендеткен.
Ал антоциандарды жоғары деңгейде тұтыну, айтқандай, диабетті ғана емес, қабынулар мен жүрек ауруларының да созылмалы дерттері деңгейін төмендеткен.