Ресвератрол жүрек-қан тамырлары жүйесі үшін де пайдалы екені белгілі. Мамандар оның гиппокампқа, мидың оқу процесімен және көңіл күймен байланысты жасушаларына да жақсы әсер ететінін анықтаған. Ресвератрол Альцмейгер сияқты нейродегеративтік ауруларға қарсы күресе алады.
Ресвератролдың тамаша қасиеттері туралы ғалымдар бұрыннан бері айтып жүр. Мысалы, ол бас пен мойын обырының қаупін азайтады. Алкогольді шамадан тыс ішу ағзаның жасушаларын зақымдайды, ал ресвератрол обырдың қаупін күшейтетін зақымдалған жасушыларды жояды. Бұдан басқа, ол бөртпе бактерияларын тоқтата алады.