Қызыл теңізде паромда болған өртте бір адам қаза тапты

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Иорданиядан Мысырға бет алған "Пелла" (Pella) паромында болған өрттен бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Иорданияның азаматтық қорғаныс істері жөніндегі министрлігінің өкіліне сілтеме жасай отырып Agence France-Presse.

Шенеуніктің хабарлауынша, мысырлық азамат жанып жатқан кемеден суға секіріп кеткен, деп жазады Лента.ру.

Оның денесін оқиға орнында құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқандар тапқан.