Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сәуірдің 12-сіндегі жағдай бойынша Қызылағаш ауылында 121 үйдің қабырғасының кірпіштері қаланып жатыр, 23 үйдің каркасы аяқталса, 9 үйдің шатыры жабылды. Құрылыс жұмыстарымен құрамында үш жарым мыңнан астам жұмыскері бар 69 мердігер компания айналысуда.
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте облыс әкімі Серік Үмбетов, үстіміздегі сәуір айының соңына дейін 35-40 үй пайдалануға беріліп, мамыр айындағы мерекелерге дейін оларға алғашқы қоныс тойын тойлаушылар кіретінін айтқан болатын.