Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бір үйдің қабырғалары көтеріліп, төбесі жабылды. Екінші үйде каркасты құрастыру жұмыстары аяқталды. Ауылда 58 мердігерлік компания барлығы 450 үйді жаңадан салу, 17 үйді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына кірісті.
Ақсу, Көксу, Сарқан аудандары мен Текелі, Қапшағай қалаларының тәулігіне 25-тен 100 мың данаға дейін өндіру қуаты бар кірпіш зауыттары құрылыс жұмыстарын қажетті кірпішпен қамтамасыз ететін болады.