Қызылағаш ауылдық округі «платина» аумағында болжам бойынша суға құлап, тұншыққан 8 бас ешкі, 9 бас қозы, 43 бас қой шығын болды.
Жағдай шамамен жұма-сенбі күндері болған.
«Мал өлекселері судан шығарылып, Қызылағаш ауылындағы мал қорымына апарып тасталды. Қазіргі мезетте құлақ жапсырмаларына АШЖБ дерекқорынан қарау арқылы талдау жасалынып, мал иесін анықталып жатыр. Мал иесі анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексі бойынша әкімшілік шара қолданылады. Болжам бойынша мал жазғы жайылымға көшіріліп бара жатқан» делінген Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, мал өлекселерінің видеосы желіге жарияланған болатын.