Саябақта 8 400 түп ағаш отырғызылды, олардың қатарында қарағай, қарағаш, терек пен шетен ағаштары да бар. Алматы облыстық табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері саябаққа ағаш отырғызу және ауылды жасыл желекке оранту үшін жер аумағын жоспарлау шарасын өткізді.
Сондай-ақ, көшелерді абаттандыру мақсатында 6 600 көшет отырғызылды. Барлық 15 мың көшет ағашты Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтың тапсырмасы бойынша Орман шаруашылығы басқармасының мемлекеттік тәлімбағынан бөлінді.
Отырғызылған жасыл желектерді суару «Жасыл ел» жастар жасақтарының күшімен жүзеге асырылуда, деп хабарлады табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан.