Қызылағаштағы су тасқыны тигізген материалдық шығын 9 млрд. теңгеден астам қаражатты құрады

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қызылағаш бөгетіндегі су тасқынына қатысты жағдайды тексеру барысында 705 адамның зардап шеккені анықталды, олардың 696-сы жеке тұлғалар болса, 9-ы заңды тұлғалар.

«Тұрғындық және әкімшілік ғимраттарға тиген залалды анықтау үшін 693 сот-құрылыстық сараптама жүргізілді», - деп хабарлады Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Қыдырәлі Оспанов.

Оның мәліметтері бойынша, материалдық шығынның жалпы сомасы 9,3 млрд. теңгені құраған. Тек қана жеке тұлғалардың өзінен 1,6 млн. теңге көлеміндегі талап келіп түсті.

Материалдық шығынның орнын толтыру мақсатында тергеу органдары кінәлі деп отырған адамдардың банктік есепшоттары мен басқа мүліктерін тұтқындады.