Қызылқияда Манас ескерткіші ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Баткен облысы Қызылқия қаласында Манас ескерткіші ашылды, деп хабарлайды КирТАГ Қырғызстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлы Манас есімі халықтың бірлігімен байланысты. «Манас» эпосында халықтар арасындағы достастық пен келісім жайлы жан-жақты айтылады. Барлығымыз адамгершілігі мен бірлігі жарасқан қоғамда көпқырлы және тұрақты даму қалыптасатыны белгілі екендігін білеміз», - деді  Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков ескерткішті ашу салтанатында.

«Ұлы Манас ескерткіші ашылатын Қызылқия қаласында 50-ден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл барлығымыз үшін жарқын бастама. Манас тек қана халық батыры ғана емес, сонымен қатар елдің намысын, әділдігін, тұрақтылығы мен саулығын бірінші орынға қоя білген дарынды басшы», - деп атап өтті премьер-министр.