Оған облыс әкімдігі тарапынан облыс әкімі Болатбек Қуандықов, мұнай компаниялары тарапынан «Қазгермұнай» ЖШС бас директоры Лю Чжи мен бас директордың бірінші орынбасары Әнуар Ахметжанов,«Саутс Ойл» ЖШС вице-президенті Серік Мырзабеков және «Нұрсат-Бауыр және К» ЖШС директоры Аян Бекманбетов қол қойды.
11:40, 21 Сәуір 2011
Қызылорда әкімдігі мұнай компанияларымен әлеуметтік-экономикалық дамытудағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты
ҚЫЗЫЛОРДА. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Кеше Қызылорда облыстық әкімдігінде облысы әкімдігі және мұнай компаниялары арасында аймақты 2011 жылы әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту жөніндегі өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.