Облыс орталығының 1967 жылы туған тұрғыны қалалық ішкі істер басқармасына белгісіз біреу үйінің қонақ бөлмесіндегі жеке куәлігі мен банк картасын кодымен ұрлап кетіп, шотынан 25 мың теңге ақшасын алып кеткендігі жөнінде арызданған. Шағымданушының айтуы бойынша көпке дейін ол құжаты мен картасын жоғалтып алдым ойлаған. Банк картасын қайта жасатуға барғанда есепшотындағы ақшаның жоқтығын білгесін полицияға келген.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасын жүргізіп, күдіктіні тапты. Сезікті шағымданушымен бірге тұратын 1994 жылы туған келіні Ш.Қ. болып шықты.
Бүгінде қайнағасының қалтасына қол салған күдікті келін ұсталып, тексеру амалдары жүргізілуде.