Бұл шараға «Қазақстан аруы» ұлттық конкурсының президенті Алена Ривлина, «Қызылорда аруы» өңірлік конкурсының директоры Алма Абенова және биші Лариса Соловьевалар қазылық етті. Іріктеу сынына 38 қыз қатысып, 15-і келесі кезеңге өтті. Отбасылық жағдайына байланысты 3 қыз қатысудан бас тартқан.
1 қарашада Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрында өтетін «Қызылорда аруы - 2014» өңірлік конкурсында 12 бойжеткен бақ сынағалы отыр.