Бұл туралы Кызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов облыстық қоғамдык кеңес алдындағы есебінде мәлім етті.
Әуежайды жаңарту, кайта салу мәселесі қызылордалық тұрғындардың көкейінде көптен бері жүрген болатын. Алдағы уақытта жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта былтыр жекеше әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізілді. Конкурстың бірінші кезеңі бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы «BI Civil Construction» ЖШС біліктілік іріктеуден өтті. 2019 жылдың 22 қарашасында серіктестік өз қаржысы есебінен жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі. Нәтижесінде мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жасалуда. Биылғы жылдың мамыр айында терминал құрылысы басталады деп күтілуде.
«Қазіргі таңда «Қорқыт Ата» әуежайы» акционерлік қоғамы мен «FlyArystan» әуе компаниясының арасында келісім-шарт жасалған. Нәтижесінде наурыз айының ортасынан бірнеше бағытта жолаушыларды арзан бағамен тасымалдау ұйымдастырылады. Сондай-ақ, биыл 29 наурыздан бастап Ресейдің «Аэрофлот» компаниясы халықаралық «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» бағыты бойынша аптасына 4 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі күндері екі арада әуе қатынасын атқарады»,- деді облыс әкімі.