Қызылорда ауруханалары қайырымдылық қорынан 23 млн теңгенің жабдықтарын алды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Бүгін «АЯЛА» қайырымдылық қоры Қызылорда облысының жеті медициналық мекемесінің өкілдеріне жаңа медициналық жабдықты тапсырды. Бұл туралы облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қайырымдылық шарасына облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов қатысып, қор өкілдерін алғыс білдірді. «Аяла» қайырымдылық қорының өкілі Берік Даржанов өз мақсаттарын баяндай келе, емдеу мекемелеріне  медициналық құрал-жабдықтарын табыс етті.

Арал аудандық ауруханасына СИПАП тыныс алу аппараты және 3 шприц дозаторы жеткізілді. Қазалы аудандық орталық ауруханасына екі B40 сорғышы, 2 шприц дозаторы және 1 фототерапия аппараты берілді. Қармақшы АОА-да СИПАП тыныс алу аппараты және 2 шприц дозаторы пайда болды. Жалағаш АОА-ның медицина қызметкерлеріне СИПАП тыныс алу аппараты, екі B40 сорғышы және 2 шприц дозаторы тапсырылды. Сырдария АОА-ға екі B40 сорғышы және 2 шприц дозаторы, Шиелі АОА-ға екі B40 сорғышы сыйға берілді. Облыстық балалар ауруханасына дефибриллятор берілді. Жеті мекемеге сыйға берілген жабдықтың жалпы құны 23 300 000 теңгені құрады.

СИПАП-аппараты иілгіш түтікше және герметикалық мұрын маскасы арқылы тыныс алу жолдарына белгілі бір қысыммен тұрақты түрде ауа жіберетін шағын компрессорды білдіреді.

Шприц дозаторы - науқасқа ерітінділерді, жоғары активті емдік препараттарды, нәрлі заттарды ұзақ, дозамен және бақылай отырып құюға арналған медициналық құрал. В40 сорғышы науқастардың ағзасынан және жоғары тыныс алу жолдарынан сұйықтықты, тіндер мен газдардың бөлшектерін сорып алуға арналған. Дефибриллятор - медицинада жүрек ырғағының бұзылуын электроимпульстық емдеу үшін пайдаланылатын құрал. Фототерапия аппараты нәрестелердің сары ауруын емдеуге арналған.

«АЯЛА» қайырымдылық қоры 2007 жылы қолға алған «Өмір сыйлайық» жобасын Қызылорда облысында алғаш рет іске асырды. Біз 6 ауданды және қаланы қамтыды.