Жиын таяуда Жанақорған ауданындағы №180 «Қызыл мақташы» орта мектебінде орын алған өрт оқиғасына арналды.
Семинар-кеңеске Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты барлық мектеп директорлары мен шаруашылық меңгерушілері қатысты. Үкіметтің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті және ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптары» қатысушылардың қаперіне тағы бір салынды.
Семинар соңы талқылау пікірталасына ұласты.