ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемеде айран ішінен есірткі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметіне бойынша, ЗК-169/1 мекемесінің тергеу-қамауында отырған азаматқа танысы есірткі өткізуге әрекеттенген.
«Танысына келген азамат 1 литр ыдысқа құйылған айранның ішіне 2 дана полиэтилен пакетке салынған есірткі өткізбек болған. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың «кептірілген марихуана» екені анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297- бабы 1- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің маманы Дана Дастанова.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.