Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.
Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, күндіз Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің 15-20 м/с-қа күшеюі күтілуде, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Күндіз Атырау облысында кей жерлерде 15-20 м/с-қа жел соғады, жел екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Алматы, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде қатты ыстық болады.
Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының және шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы күтілуде. Қазақстанның жазық аумағының өзендерінде гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.