«Бұдан бірнеше жыл бұрын бекіген қаланың бас жоспарында Сыр бойындағы бас қаланы дарияның екі қапталына қатар орналастыру қарастырылған болатын, - деді ол. - Әкімшілік орталық қазіргі орналасқан ауданында қала береді. Ал ендігі жаңа құрылыстар, тұрғын үй махаллалары, әлеуметтік бағыттағы үйлер сол жағалаудан бой көтереді. Әзірге 1532 гектар жерге инфрақұрылым мен жаңа құрылыс алаңдарын жасау жоспарланып отыр».
Екі жағалауды жалғастырып тұратын, әлбетте, көпірлер болмақ. Осыған орай қала әкімі дарияның бойынан алты көпір салынатынын айтады. Олардың 4-і көлікке арналса, 2-і жаяу жүргіншілер үшін салынады.