Қызылорда қалалық прокуратурасы 70 млн. теңгеден астам жалақы қарыздарының төленуіне ықпал жасады

ҚЫЗЫЛОРДА. 13 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі жыл басынан бері еңбек заңнамаларының орындалуы бойынша жүргізілген тексерулердің қорытындысымен 70 млн. теңгеден астам жалақының иелеріне тиюіне ықпал жасаған.

Прокуратура осының негізінде әртүрлі мекемелерде жұмыс жасайтын 825 азаматтың конституциялық құқықтарын қорғаған. Ал былтыр осылайша 4,5 мыңға жуық еңбеккердің 265 млн. теңгеден астам жалақы қарыздары қолдарына тиген.