Қызылорда қалалық сотына жаңа төраға тағайындалды
10:00, 29 Маусым 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қазақстан Републикасы Президентінің Жарлығымен Жанат Сақыбайұлы Бекжанов Қызылорда қалалық сотының төрағасы болып тағайындалды.
Ж.Бекжанов 1961 жылы туған. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің құқықтану факультетін бітірген. Бұған дейін Қазалы, Арал аудандарында судья, Қармақшы аудандық сотының төрағасы болып қызмет атқарған.