Қызылорда қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласы әкімінің өкіміне сәйкес Молдабаев Марсбек Рүстемұлы қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Марсбек Рүстемұлы, 1963 жылы 10 ақпанда, Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1977-1981 жылдары Қызылорда политехникумын техник электрик, 1984-1989 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының Қызылорда филиалын инженер-құрылысшы, 2003-2005 жылдары Қызылорда инженерлік экономикалық институтын қаржы бакалавры мамандықтары бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1989 жылы облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық өндірістік бірлестігі құрылыс бөлімінің технадзоры қызметінен бастаған;

1992 - 1994 жылдары облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының бас маманы, аға инженері;

1994 - 2003 жылдары қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы I-ші категориялы маман, бас инженер, бастықтың орынбасары;

2004 - 2006 жылдары қалалық тұрғын үй коммуналдық жол және көлік шаруашылық бөлімінің бастығы;

2008 - 2011 жылдары Шиелі кентінің әкімі;

2011 - 2013 жылдары Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

2013 жылдан бастап осы кезге дейін қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.