деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жеке тұрғын үй секторын газдандыру және тасымалданатын газ бағасын арзандату бағытындағы ауқымды істердің өзі өңірімізді басқарудағы бақытқа бастай алар мүмкіндігіне сендірді. Тарқатып айтар болсақ, «Қызылорда қаласының жылу-энергия көздерін және тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру» жобасы аясында республикалық бюджеттен 2,13 млрд. теңге қаралған болатын. Бұл қаржыға құрылысы бітпеген 3 газ тарату пунктінің, 1 шкафтық тарату пунктінің жұмыстары аяқталды. Жаңадан 9 ГРП, 1 ШРП қондырылып, 230 шақырым төмен қысымды, 2,5 шақырым жоғары қысымды газ құбырларының құрылысы салынуда. Қазіргі таңда 428 көпқабатты және 3376 жеке тұрғын үй, 156 коммуналдық нысан газға қосылды. Бұл жұмыстар жалғаса бермек.
Жеке тұрғындар үшін газды қосу бағасы да біршама төмендеді. Тұрғындарға жеткізілетін газдың 1000 текше метрінің бағасы 6000 теңгеден 3600 теңгеге дейін төмендеді. Сонымен бірге Қызылжарма мектебінің қазандығын газдандыру жұмыстары аяқталды. Жалпы, қазіргі таңда қаланың біраз аудандарына газ желісі жетті. Сондай-ақ өткен жылдың желтоқсан айынан бастап «Аралгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бастамасымен салынған сұйытылған көмірсутек газын тасымалдау теміржол терминалы тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде. Пайдаланымға шыққан газ баллоны үш есеге дейін төмен бағада түсірілді.