Қызылордада екі жасанды шырша қойылады. Олардың біреуін орталық алаңға, екіншісін №3 емхана жаққа қою жоспарланған. Алайда қар аралас жаңбыр мен қатты жел жаңажылдық безендіру жұмыстарын қиындатып отыр. Сондай-ақ, Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелері қарсаңында қала көшелеріне электрлі әшекей гүл тізбектері ілініп жатыр.
Ал шырша шамы 19 желтоқсанда жағылып, Ескі Жаңа жылға дейін тұратын болады.