60 тұрмысы төмен отбасы облыс орталығына қоныс аударуға шешім қабылдады, деп хабарлайды қалалық әкімдік баспасөз қызметі.
Қазір алыс елді мекендерден келетін отбасылар үшін «Сырдария» шағынауданынан 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы салынып жатыр. Бүгінде қалаға көшіп келуге 13 отбасы тілек білдірді. Келген отбасылардың еңбекке жарамды азаматтары жұмысқа мемлекеттің көмегімен орналаса алады. Сондай-ақ, бүгінде талап білдірген кез келген азамат бағдарлама аясында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандыққа оқып, жұмысқа орналасуына мүмкіндігі бар.
Осы уақытқа дейін жұмыспен қамту орталығы арқылы 26 мамандық бойынша 443 адам қайта кәсіби білім алып, оның 206 тұрақты жұмысқа орналасқан. Бағдарламаның тағы бір тиімді тұсы ауылдық жерлерде өз кәсібін дөңгелеткісі келетін азаматтарға 8 пайызбен жеңілдетілген несие беру болып табылады.