Ауылдағы клуб үйінің құрылысы өткен жылы басталды. Оны «Жабдықтау» компаниясы құрылыс жұмысын мерзімінен 5 ай бұрын бітірді. Ғимараттың сапасына қояр мін жоқ. 150 орындық уақыт талабына сай салынған клубтың ішінде түрлі үйірмелер, «Ақ бата» әжелер тобы жұмыс жүргізуге кірісіпті. Оның ашылуына қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев клуб ұжымына теледидар тарту етті.
17:13, 04 Маусым 2013
Қызылорда қаласына қарасты елді мекенде жаңа клуб пайдалануға берілді
ҚЫЗЫЛОРДА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты Жақыпбек Маханбетов ауылында кеше еңселі ауылдық клуб пайдалануға берілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.