ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 13 жастағы жасөспірім суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жасөспірім Сырдария өзенінің суға түсуге рұқсат етілмеген аумағындасуға кеткен. Ата-анасының бақылауынсыз қалған бала осылайша көз жұмды.
«Айта кетерлігі, тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне салғырт қарайды.Олардың қайда жүргенінен хабарсыз. Жыл басынан бері 22 адам суға кетті. Оныңішінде тоғыз бала осындай төтенше жағдайдан қайтыс болды. Біз тұрғындарарасында қауіпсіздік шаралары жөнінде үгіт-насихат шараларын жүргіземіз.Дегенмен оған көбі құлақ аса бермейді», - деді Қызылорда облысы төтеншежағдайлар департаментінің баспасөз маманы Айгүл Нұрманова.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада бір аптада үш баласуға кеткен еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.