ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 27 жастағы қала тұрғыны он күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс орталығында тұратын Нұрпейісова Жансая Маханбетжанқызы 25 сәуірде үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері қайта оралмаған.
«Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы 1,55 -1,60 см, арық денелі, қара торы келген, шашы қара, бұйралау. Үстінде қоңыр түсті куртка, қара түсті шалбар, аяғында қара түсті туфли болған. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе қыздың жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8 (7242)-29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», - деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан мәліметте.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жоғалып кеткен жасөспірім аман-есен табылғанын жазған болатынбыз.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.