Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қызылорда қаласының экономикасында тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері артуда.Облыста өндірілген өнімнің 95 пайызының Қызылордаға тиесілі болуы, қаланың стратегиялық маңыздылығын айқындайды. Биылғы жылдың 4 айының қорытындысымен қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 412 млрд. 157 млн.теңгенің өнеркәсіп тауарларын өндірді»,- деді облыс әкімдігінде өткен Қызылорда қаласын дамыту мәселелері туралы кеңейтілген мәжілісте қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.