Бұған қоса биылғы жылы 913 млн. теңгеге ұзындығы 5 шақырымды құрайтын әл-Фараби көшесі күрделі жөндеуден өтіп, жарықтандырылады.
Сондай-ақ, 42,1 шақырымды құрайтын 16 көше қайта жарықтандырылып, көпқабатты тұрғын үйлердің 25 аулаішілік жолдары мен автотұрақтары, ұзындығы 10,8 шақырымды құрайтын 10 көшенің жаяу жүргіншілер жолдары жөнделеді. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 1 млрд. 166 млн.теңге қаржы бөлінді, делінген хабарламада.