ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, 20 желтоқсан күні, сағат 22.05-те тоқтың азаюынан, «Қызылорда» магистральді газды басқару автономды газ үлестіру стансасының газ құбырында қысым бірден төмендеп, оның арты 7 газ үлестіру бекетінің апатты сөнуіне алып келді.
Осы уақытта Тасбөгет кенті, Арай, Сырдария, Шымбай, Сәулет шағын аудандары мен Рысқұлов көшесінің абоненттері көгілдір отынсыз отыр.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен «ҚазТрансГаз» ЖШС-ның 56 адамы ( 5 техникасы) айналысуда.