ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының шеткі аймағында бір топ адам арасында атыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желі беттерінде оқиғаның 7 мамырда сағат 19.45-те болғаны, одан 3 адам көз жұмып, 2 адам жарақат алғаны айтылды.
«Қызылорда қаласында болған атыс оқиғасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірынғай тізіліміне ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен тіркелді. Ол бойынша тиicтi сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді», - деп жазылған облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын қызылордалық полицейлер 74,5 млн теңгені ұрлап кеткен қылмыскерді қолға түсірді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.