ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының бірқатар аумағында ақаулыққа байланысты электр энергиясын беру уақытша шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Қызылорда қаласының әкімдігі мәлім етті.
Электр жарығын уақытша өшіру KEGOK АҚ мекемесінің меншігіндегі 220кВ әуе желісінің бойында ақау туындауына байланысты қабылданып отыр. Шектеу бүгін жергілікті уақытпен 11.00-де басталды.
«Осыған байланысты қала орталығы, Тасбөгет, Белкөл кенттері және Ақсуат ауылдық округінде электр жарығы уақытша өшірілді. Осыған орай ауыз су беру уақытша тоқтатылды. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда қаласының әкімдігінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.