«Облыс орталығын осыған дейін «көгілдір отынмен» Құмкөл даласындағы «Ақшабұлақ» газ өңдеу зауыты қамтамасыз етіп келген еді. Енді қаланы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры арқылы жылытуға көшеміз. Оған құбырларды қосу үшін 2-4 қазан аралығында тұрғындарды газбен қамтамасыз ету тоқтатылды», - деп мәлімдеді бүгін қала әкімінің орынбасары Мұрат Тілеуімбетов баспасөз брифингінде.
20:39, 02 Қазан 2013
Қызылорда қаласында газ беру уақытша тоқтатылды
ҚЫЗЫЛОРДА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында газ беру уақытша тоқтатылды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.