Бүгінгі таңда облыс орталығында 2170 пәтерлі 46 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның жалпы құны 17,5 млрд теңгеге жуық. 2020 жылы басталған Сырдария өзенінің сол жағалауында көпқабатты – 12, СПМК-70 тұрғын ауданынында ипотекалық 12 тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға тиісті қаржы бөлінді.
Ал былтыр СПМК-70 №2 тұрғын ауданында ипотекалық 6 үйдің (6300 пәтерлі), арендалық 5 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Сондай-ақ облыс орталығында бұдан бұрын апатты үйлерде тұрып келген отбасылар үшін Сырдария өзенінің сол жағалауында 50 пәтерлі 1 үйдің құрылысы қолға аланып отыр. Ол жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
«Жалпы алғанда, биыл тұрғындарға 1370 пәтер табыстау көзделуде. Оның ішінде 430-і көпбалалы отбасыларға берілсе, 50-і апатты тұрғын үйлерде тұрып жатқан азаматтарға беріледі. Сондай-ақ 250-ін кезекте тұрған отбасылар алса, 640 пәтер «Отбасы банк» арқылы табысталады. Айта кетерлігі, кезектегі аз қамтылған көпбалалы отбасыларға 192 пәтер сатып алуға 2 млрд 456 млн теңге бөлінген. Қазірге дейін 33 пәтер сатып алынса, қалғанына мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде», - деді Қызылорда қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Біржан Далабаев.
Облыс орталығында жеке инвесторлар есебінен тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Мұндай азаматтар есебінен 8 млрд теңгеге 217 пәтерлі 9 үйдің бой көтеруде. Бұдан бөлек, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жүргізуге мән берілді. Бұл мақсатта ұлттық, республикалық және облыстық бюджет есебінен барлығы 3 млрд 988 млн теңге бөлінді. Аталған қаржылар Сырдария өзенінің сол жағалауындағы тұрғын үй аулаларын абаттандыруға, СПМК-70 тұрғын ауданын жылу, кәріз, электр, телефон желілерімен қамтамасыз етуге, Сабалақ саяжайын ауызсумен қамтуға, қаланың бірқатар аумағын ауызсу және кәріз су желілері, электр, газ, жылу жүйелерін жүргізуге қаралды.