ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында қатты желдің әсерінен көп қабатты үйдегі балконның шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 29 наурызда сағат 11.40 шамасында болды. Қатты желдің салдарынан облыс орталығындағы Титов кентіндегі Қоғалы көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің шатыры жұлынды.
«Оқиға салдарынан тұрғын үй алдында тұрған «Chevrolet Nexia» жеңіл автокөлігі зақымданған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті мен Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері барып, оқиғаның мән-жайын анықтады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Айта кетсек, «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша бүгін облыста екпіні секундына 20 метр жел соғып тұр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.