ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы шағынаудандардың бірінде 29 шілде түнде атыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәлім болғандай, оқиға 29 шілде түнгі сағат 22.30 шамасында облыс орталығындағы «Шұғыла» шағынауданында болған.
Тұрғындар көшеден атыс дауысын естіген.
Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі төмендегіше түсініктеме берді.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігіндегі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп мәлім етті департаменттен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада бүлдіршін қызға азғындық әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.