Байқауға қатысушылар берілген үш тапсырманы қазақ тілінде орындады. Олар ақын шығармалары мен «Абай жолы» романынан үзіндіні жатқа оқудан және Абай әндерін немесе қазақ халық әндерін орындаудан тұрды.
Байқау қорытындысында бірінші орынға сырдариялық Мария Потолова лайықты деп табылды. Екінші орынға шиелілік Татьяна Нуштаева көтерілсе, үшінші орынды қармақшылық Фаина Ашимова жеңіп алды. Ынталандыру сыйлығына қызылордалық Виктория Маханова мен жалағаштық Любовь Нам ие болды.
Байқау жеңімпазы М.Потолова қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық байқауға қатысады.