Оқиға қаланың терістік бетіндегі арнада 2 маусым күні орын алған. Сағат 12-30 шамасында 8 жасар Ділназ Андақұлова суда жүрген жерінен жағаға қайтып шыға алмай қалған. Оның мәйітін жергілікті тұрғындар тапқан.
Оқиға орнына Қызылорда облысы ТЖД-нен 3 адам, 1 техника, СҚҚ құрамында 5 адам 1 бірлік техника, ІІД-інен 3 адам, 1 техника шықты.