Қашаннан да жыр елі атанған өңірде осы күнге дейін өрелі өнер иелеріне арналған арнайы орындар жоқ еді. Игі бастама сол олқылықтың орнын толтырғалы отыр. Қаладағы Жібек жолы көшесінің бойынан орын тебетін аллея меймандарға дария бойындағы дүйім елдің мәдени қазынаға бай екенін аңғартып тұратын болады. Онда Балқы Базар, Тұрмағанбет, Нұртуған және Нартай секілді көптеген өнер иелерінің ескерткіштері бой түзейді.
Аллеяны «Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» тапсырысы негізінде «Агроспецмонтаж» өндірістік кооперативі салуда.
Қала әкімі М. Жайымбетов аллея құрылысы салынып жатқан аймақта болып, мердігерлердің жұмысын бақылауға алды.
Қала басшысының талабына сәйкес құрылыс жұмыстары қыркүйек айының ортасына дейін аяқталуы қажет.