Қала әкімі Мархабат Жайымбетовтің тікелей басшылығымен жүріп жатқан бұл жұмыстар Жалаңтөс Баһадүрге орнатылған ескерткішті қамқорлық жасаудан бастау алды. Қаланың кіреберіс қақпасы маңында орналасқан батырдың мәрмәрдан жасалған тұғыры жуылып, тазаланды. Қалада бүгін бұдан басқа Қорқыт ата, Қобыланды батыр, М.Әуезов, Ш.Есенов ескерткіштерінің айналасы тәртіпке келтірілді.
Қала басшылығы осы күні жаңа маусымға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқан қалалық саябақтың жағдайымен де танысты.