Қызылорда қаласында жаңа балабақша ашылды
Ел шаттығын еселеп, шаһардың 195 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген бұл қуанышқа облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова, қала әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов арнайы келіп, бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын, балабақша қызметкерлерін бүгінгі жаңа балабақшаның ашылу салтанатымен құттықтап, оларға сый-сияпат тапсырды.
«Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 352 млн. теңге қаражатқа салынып, 140 орынға лайықталған «Сыр жұлдызы» балабақшасының басқа балабақшалардан ерекшелігі, мұнда көзі нашар көретін балақайларға арналған 1топ жұмыс жасайды.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Марат Аралбаевтың айтуынша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жыл аяғына дейін бүлдіршіндердің 73 пайызы балабақшамен қамтылмақ.