Көлемі 3294,86 шаршы метр ауданды алатын бұл ғимараттың құрылысы 2009 жылы басталған еді. Осы үшін облыстық бюджеттен 194 млн. теңге қаржы қарастырылды.
Жаңа спорт кешенінде шағын футбол, баскетбол, волейбол, гандбол, көркем және ырғақты гимнастика залдары және бассейн бар. Бұларда бір ауысымда 40 адамға дейін жаттыға алады. Ал тереңдігі 2 метрлік бассейнде бір мезгілде 32 адамға дейін жүзеді.