Оқиға бүгін, 18 қазанда Қызылорда қаласындағы «Астана» шағынауданында орналасқан автобус аялдамасында болды.
Сағат 10.51 кезінде төтенше жағдайлар қызметіне автобустың жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түсті.
«Оқиға орнына №4 өрт сөндіру бөлімшесінен 5 қызметкер 1 техникамен барды. Мамандар барған сәтте қалаішілік №21 бағдарлы автобустың толығымен жанып жатқанын анықтады. Оған газ орнатылғаны белгілі болды. Сағат 11.07-де оқшауландырылып, 11.09-да толығымен сөндірілді. Көлік жүргізушісінің құжаттары толығымен жанып кеткен. Оқиғадан қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада қорада тұрған 5 бас мал мен мың бума шөп өртеніп кеткен еді.