Мұнда сайлаушылар легі таңғы сағат 7-ден бастап ағылуда. 12-ге дейін денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтын адамдар тізімі жасақталып, олардың үйлеріне жылжымалы жәшік апарылады. Ондай сайлаушылар саны 27 адамды құрап отыр. Сайлау учаскесіне алғашқылардың қатарында облыстық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Құдайбергенов келіп, өз таңдауын жасады. «Бұл - ерекше күн, өйткені әрбір қазақстандық келешегі үшін дауыс беріп, таңдауын жасауда. Мен де қалаған үміткеріме өз даусымды бердім», - дейді Нұрлан Баязитұлы.
№308-ші сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр. Әсіресе, әдеттегідей аға буын өкілдері саяси науқанда белсенділік танытуда. Жауапкершілік деген қасиет қарттарда өте жоғары екені сөзсіз.