Қызылорда қаласындағы әскери бөлім өзінің құрылғанына бір жыл толғанын атап өтті
Жиында сөз алған облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Бақтияр Қадырханов, облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары Бекбай Райымбеков қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әскери бөлім қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, игі тілектерін жеткізді.
Алаңда сарбаздар әскери жаттығуларды тиянақты орындап шықты. Сондай-ақ, жергілікті жердің көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, сарбаздар көңілін бір көтерді.
Биылғы жылы «Шұғыла» шағын ауданындағы көпқабатты бір пәтерден өрт шыққаны белгілі. Сол мезетте осы әскери бөлімде қызмет ететін кіші сержант Әскербек Айдарбеков пен қатардағы жауынгер Алшынбек Нарзиев сол пәтердегі қос азаматты ажал отының тырнағынан арашалап алған болатын. Шара барысында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Б.Қадырханов жоғарыда аты аталған екі әскери қызметкердің ерен ерліктеріне ризашылығын білдіріп, кеуделеріне медаль тақты.